
2026 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Филиал директоры ММУ құрметті профессоры Александр Владимирович Сидорович және Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі, ММУ Қазақстан филиалының түлегі Дмитрий Андреевич Мун қол қойды.

Қол қою рәсіміне математикалық модельдеу кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, доцент Нұргүл Қадыржанқызы Галиева да қатысты.

Меморандумның мақсаты жоғары білікті мамандарды даярлаудағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ өзекті мәселелер бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып саналады. Ынтымақтастықтың маңызды бағыты Филиал студенттері мен магистранттары үшін практика мен тағылымдамалар ұйымдастырудағы өзара бірлескен әрекет жасау болып табылады.
Кездесу барысында Д.А.Мун Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қызметінің бағыттары жөнінде және студенттер қатыса алатын жобалар туралы айтты. Кездесу соңында тараптар осы сындарлы диалог үшін өзара ризашылықтарын білдіріп, жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген үміттерін білдірді.