Филиал директоры Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы О. О. Сыздыковпен кездесті


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В.Сидорович Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы О. О. Сыздыковпен жұмыс кездесуін өткізді.


Тараптар кездесу барысында жоғары білікті кадрларды даярлау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың перспективалық бағыттарын, сонымен қатар «Ұлттық экономика және экономикалық саясат» магистрлік бағдарламасын енгізу және одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады.

Үстіміздегі жылдың басында ММУ Қазақстан филиалы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өзара серіктестікті нығайтуға, білім беру бағдарламаларын дамытуға және ғылыми зерттеулер мен сараптама-талдау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірлескен әрекет туралы меморандумға қол қойған болатын.