Филиал директоры А.В. Сидорович Еуразиялық университеттер қауымдастығы Кеңесінің кеңейтілген отырысында баяндама жасады


Филиал директоры А.В. Сидорович Еуразиялық университеттер қауымдастығы Кеңесінің кеңейтілген отырысында баяндама жасады

16 желтоқсанда ММУ Зияткерлік орталығы – Іргелі кітапханасында Еуразиялық университеттер қауымдастығының президенті және Мәскеу университетінің ректоры Виктор Антонович Садовничийдің төрағалығымен Еуразияның 63 жетекші университетінің басшылары қатысқан Еуразиялық университеттер қауымдастығы Кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

ТМД мен Еуразияның 150 жетекші университетін қамтитын Еуразиялық университеттер қауымдастығы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Еуразиялық Университеттер Қауымдастығының вице-президенті және Қауымдастықтың Атқарушы комитетін 20 жылдан астам басқарып келе жатқан Александр Владимирович Сидорович «Еуразиялық университеттер және халықаралық рейтингілер: салыстырмалы талдау» атты баяндама жасады.

Өз баяндамасында А.В.Сидорович бүкіл әлем Университеттері түрлі деңгейдегі рейтингілерге қатысуға үлкен мән беретінін және бұл рейтингілер қоғамда үлкен қызығушылық тудыратынын да атап өтті. Әсіресе Халықаралық рейтингілерде көрінуі ерекше маңызды және беделді болып саналады. Жалпы үрдіс - Еуразия университеттерінің беделді рейтингілерге қатысуы қарқынмен артып келеді.

А.В.Сидорович үш мәселені ерекшелеп көрсетті: біріншіден, ЕУҚ университеттерінің осы халықаралық рейтингілерге қатысуын жалпы бағалау; екіншіден, ЕУҚ университеттерінің рейтингідегі орнын бағалау; үшіншіден, білім беру сапасын бағалау және ЕУҚ университеттерінің осы көрсеткіштерін рейтингісінде анықтау.

Баяндамада барлық Қауымдастық университеттерінің 70%-дан астамы рейтингіге қатысқаны және жақсы нәтижеге қол жеткізгені атап көрсетілді. Рейтингілерде Мәскеу университеті көшбасы болып табылады. Сонымен бірге қазақстандық университеттердің жоғары позицияларды иемденгені де ерекше атап өтілді. Бұл тұста Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ең жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр. Маңызды тұсы - барлық ұлттық университеттер рейтингіде ілгерілеп отырғаны. Баяндамада университеттердің QS 2026 рейтингіндегі, THE WIUR 2026 (Шанхай рейтингі), MOSUR (Университеттің үш миссиясы) және ARWU (Әлем университеттерінің академиялық рейтингі) рейтингілеріндегі иемденген орындарына егжей-тегжейлі талдау жасалынды.

Ерекше қызығушылық тудырған сұрақ ЕУҚ университеттеріндегі білім беру сапасы туралы болды. Баяндамада университеттердегі білім беру сапасының ерекше көрсеткіші ұсынылды және математикалық модельдер мен үлкен деректер есептемелерінің негізінде бұл көрсеткіштер университеттердің жалпы рейтингісінен жақсы екенін көрсетті. ЕУҚ университеттерінің рейтингілерін әзірлеуге ортақ тәсілдеме жасау және рейтинг құрастырушыларға ұсыныстар жасау мақсатында А.В. Сидорович төрағалық ететін Қауымдастықтың Атқарушы комитеті жетекші еуразиялық университеттер өкілдерінен құралатын университетаралық талдау тобын құру туралы шешім қабылданды.