Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының бастамасын Еуразияның жетекші университеттерінің ректорлары қолдады



16 желтоқсан күні ММУ Зияткерлік орталығы – Іргелі кітапханасында Еуразия университеттері қауымдастығының президенті және Мәскеу университетінің ректоры Виктор Садовничийдің төрағалығымен Еуразия университеттері қауымдастығы кеңесінің Еуразияның 63 жетекші университетінің басшылары қатысқан кеңейтілген отырысы болып өтті.

В.А.Садовничий халықтардың тарихи жады мен мәдени дәстүрлерін сақтауға арналған баяндамасында ММУ Қазақстан филиалы студенттерінің бастамасын ерекше атап өтті.

Виктор Садовничий: «Шынайы тарихи жады қорғауды қажет етеді, өйткені ол көп ретте саяси бұрмалаулар мен манипуляциялардың нысанына айналып кетіп жатады. Біз өткенді бұрмалауға тырысушылармен және Ұлы Жеңіске ортақ қатысқан қажырымызды төмендетуге барын салушылармен бетпе-бет келіп отыратын жайларға тап болып отырмыз. Біздің түсінуімізше, тарихи жады ұрпақтан ұрпаққа берілетіні анық және осыған байланысты жұмысымызды қарқынмен жалғастыру керек. Бұл үлкен істе әрбір студенттің қатысып, өз үлесін қосуы маңызды болмақ», - деп атап өтті. Сонымен бірге Қауымдастық президенті: «Мен барлық университетке «Соғыс естеліктерінің Еуразиялық кітабын» дайындауды ұсынамын. Бұл ММУ Қазақстан филиалы бастамасының жалғасы. Филиалдың студенттері мен оқытушылары Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арнап 2020 жылы шығарғаннан бергі уақытта үш «Соғыс естеліктері кітабын» дайындап, басып шығарды. Бұл кітаптар - соғыс кезеңіндегі ұрпақ тағдырының тарихы ретіндегі Ұлы Жеңістің тірі тарихы. Жоба өзінің бірегейлігімен қоғам назарын аударды және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатына ие болды», -деп атап өтті.

Виктор Антонович Садовничийдің бастамасын университет ректорлары бірауыздан қолдады. ЕУҚ Кеңесінің кеңейтілген отырысында Қауымдастықтың Атқарушы комитетіне және ММУ Қазақстан филиалына «Соғыс естеліктерінің Еуразиялық кітабын» дайындауды ұйымдастыруды тапсыру туралы шешім қабылданды.