
2025 жылғы 16 қараша күні М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында болашақ бакалавриат және магистратура талапкерлері мен басқа да тілек білдірушілер үшін Ашық есік күні өткізілді! Қонақтарды Филиал басшылығы, оқытушылары, қызметкерлері және студенттері қарсы алды.

Қонақтарды қарсы алған құттықтау сөзінде Филиал директоры, Мәскеу университетінің құрметті профессоры Александр Владимирович Сидорович Қазақстан филиалының тарихын - Мәскеу университетінің алғашқы және ең үздік шетелдік филиалының тарихын - баяндап берді.
Сонымен бірге Директор келесі жылы Филиалдың 25 жылдық мерейтойы аталып өтілетініне тоқталып өтті. Одан әрі қарай өз сөзінде Директор Филиалда жүзеге асырылып отырған білім беру бағдарламалары туралы, оқыту траекториялары туралы, Олимпиада және Универсиада нәтижелері бойынша оқуға қабылдау мүмкіндіктері және Мәскеу университетін таңдаудың артықшылықтары туралы жан-жақты тоқталды. Директор Қазақстан филиалының түлектері жоғары білікті мамандар екенін және Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында кеңінен сұранысқа ие екенін мақтанышпен атап өтті.
ММУ экология және табиғатты пайдалану кафедрасының меңгерушісі профессор Виктория Расуловна Битюкова Қазақстан филиалының оқу бағдарламалары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне бейімделгенін және де бұл түлектерге тек іргелі білім беруді ғана емес, сонымен қатар таңдаған саласында өмірде өзекті қолданбалы дағдыларды да меңгеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қосымша білім беру орталығының меңгерушісі, доцент Нұргүл Қадыржанқызы Галиева Қазақстан филиалының дайындық курстары туралы, ондағы сабақ беретін тәжірибелі оқытушылар онлайн және офлайн форматтарда қабылданатын емтихандар бағдарламалары бойынша өткізетіндігі жөнінде айтып берді. Курстарға жазылу оқу жылы бойы жүргізіледі, сонымен қатар емтихандарға сәтті дайындалу үшін жазғы қарқынды курстардан өтуге де мүмкіндік қарастырылған.
Іс-шараның жалпы бөлімінің аяғында Қазақстан филиалының қолүзік өнімдерінен ұтыстар өткізілді, соңынан дайындық курсы бағыттары бойынша кездесулер өткізілді. Онда талапкерлер мен ата-аналар таңдаған бағдарламасының ерекшеліктері, оқу барысы және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойып, тиісінше мәліметтер алды.

Сонымен бірге математика және орыс тілі пәндерінен қабылдау емтихандарында келуі мүмкін тапсырмаларды талдаған «шеберлік сыныптары» өткізілді.
Ашық есік күніне қатысып, қызығушылық танытқан барлық қатысушыларға алғысымызды айтамыз және оларға ММУ Қазақстан филиалына оқуға түсуде сәттілік тілейміз!
Фото: К. С. Байрактар