Филиал директоры жатақхана Студенттер кеңесімен кездесті


2025 жылдың 5 қарашасы күні М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының директоры А.В.Сидорович ММУ студенттер үйінде болып, жатақхананың Студенттер кеңесімен және белсенді студенттермен кездесті.

Кездесу барысында директор студенттердің тұрғын жағдайларымен танысып, ММУ студенттер үйіндегі өмірді ұйымдастыру бойынша әңгімелесті. Талқыланған мәселелердің бірі ретінде жатақхана секцияларын жөндеу туралы атап өтті. Әңгімелесу нәтижесінде жатақханадағы жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңмен жүргізіп, алдымен душ және жуынатын бөлмелерге баса назар аудару туралы шешім қабылданды.

Осымен бірге, интернет байланысын жақсарту және ММУ Студенттер үйінде тұратындардың санын көбейту туралы сөз етілді.
Филиал басшылығы студенттермен ашық диалог жүргізудің маңыздылығына тоқталып, жатақханада тұру жағдайларын жақсарту бойынша студенттердің ұсыныстарын ескеруге әрдайым дайын екенін атап өтті.