М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
26.05.2017

«Теория функций, функциональный анализ и их приложения» атты Халықаралық ғылыми симпозиум


IMG_7193s.jpg2017 жылғы 25-26 мамырда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Теория функций, функциональный анализ и их приложения» атты Халықаралық ғылыми симпозиум болып өтті. Симпозиум физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, математика және информатика кафедрасының меңгерушісі Ерлан Даутбекович Нұрсултановтың 60 жылдың мерейтойына арналып өткізілген болатын.


Симпозиум жұмысына Ресейден, Испанидан, Қазақстаннаа келген 50 ғалым-математиктер қатысты. Форумды Филиал директоры А.В. Сидорович ашты. Өзінің қошемет сөзінде ол Мәскеу университеті мен Филиалдың Қазақстан ғылымын дамытуға қосқан үлесі туралы айтып өтті.


Оқылған баяндамалар заман талабының үдесіне лайықты, ғылыми тұрғыдан жаңашыл және өзекті мәселелерді қамтығандықтан, аудиторияның шынайы ықыласына бөленді. Баяндамашыларға көптеоген сұрақтар қойылып, талқылау қызу өтті.


25 мамыр күні Филиалдың Ғылыми кеңесінің салатантты мәжілісі өткізілді. А.В. Сидорович сөзінде Е.Д. Нурсултановтың Филиалдың дамуына және Қазақстандағы математикалық білім саласына қосқан үлкен үлесін жоғары бағалады. Филиал директоры Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі Е.К. Сағадиевтің «Ы. Алтынсарин» белгісін табыстады.

 

[нақтырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.