2024 жылғы 2-7 желтоқсан аралығында филология кафедрасының ағылшын тілі оқытушылары биылғы жылы альма-матердің мерейтойына арналған және Мәскеу университетінің негізін салушылардың бірі – ақын және энциклопедист ғалым көптеген шет тілдерін меңгерген Михаил Васильевич Ломоносовқа арналған Ағылшын тілі апталығын ұйымдастырып өткізді. Апталықтың іс-шараларында барлық білім бағыттарында оқып жатқан студенттер мен магистранттар қатысты.
Апта бойы шығармашылық конкурстар мен зияткерлік ойындарға қатысқан студенттер өздерінің тек ағылшын тілін қалай меңгергенін ғана емес, орыс тілі мен қазақ тілінен де шеберліктерін көрсете білді. Енді барлығын жүйемен баяндайық!
Сейсенбі, 3 желтоқсанда доцент А.А. Аймолдинаның жетекшілігімен Экономика» бағдарламасының студенттері арасында «Jeopardy» интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойынға қатысқан студент командалары өздерінің үздік білімі мен ұйымшылдықтарын көрсете білді.
Сәрсенбі, 4 желтоқсанда Әдеби қонақ бөлмесіне аға оқытушы Г.С. Давлетқалиева мен «Филология» мамандығы студенттері шақырды. Көрермендерге Михаил Ломоносовтың өмірі туралы костюмделген музыкалық қойылым көрсетілді. Қойылымда М.В. Ломоносовтың туған кезінен бастап, Мәскеу университетін құру Жарлығы шыққанға дейінгі аралықтағы өмір кезеңдері көрсетілді. Қатысушы командалар Ломоносовтай кемеңгердің өмірбаяны мен негізгі ғылыми жаңалықтарына, Мәскеу университетінің тарихына қатысты маңызды оқиғалар туралы сұрақтарға жауап берді.
Бейсенбі, 5 желтоқсанда оқытушы Л.А. Задорожнаяның ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізілетін «Spelling Competition» атты «таза лингвистикалық» конкурс өткізілді. Конкурс материалдарында ұсынылған емлесін дұрыс анықтау қажет болған сөздер де М.В.Ломоносов пен Мәскеу университетіне арналды.
Қорытынды іс-шара жұма күні, 6 желтоқсанда өткізілді. Бұл күні «Around the World» тақырыбында аға оқытушы Н.Л.Сулятецкая және оқытушылар Е.П.Меркулова мен А.А.Баярлина «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының студенттері арасында интеллектуалды сайыс өткізді. Сайысқа қатысушылар географитя және экология салалары бойынша өз білімдерін көрсетуі тиіс болды, оның ішінде М.В.Ломоносовтың өмірі мен ғылыми жаңалықтары ашылған мекендерге байланысты тапсырмалар қызығушылық тудырды. Блиц-сұрақтар, интерактивтік тапсырмаларбар түрлі әдістер қолданылып, ынтымақтаса орындаған студенттердің ойлау және сөйлеу қорын дамытуға үлкен серпін берді.
Ағылшын тілі апталығын ұйымдастырушыларға және барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және жаңа кездесулерге шақырамыз!
Vivat Moscoviae Universitas!