Филиалда «Экономика» мамандығының бітіруші курс студенттерінің Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдерімен кездесуі болып өтті


2024 жылғы 28 қарашада ММУ Қазақстан филиалында Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі өкілдерінің ММУ Қазақстан филиалының «Экономика» бағытында білім алып жатқан студенттерімен кездесуі болып өтті.





Қаржы мониторингі агенттігі мен ММУ Қазақстан филиалы әртүрлі салаларда тығыз ынтымақтастықта. Атап айтқанда, Филиалдың студенттері Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік тәжірибеден өте алады.

Делегация өкілдері Филиал студенттеріне Агенттіктің қаржылық қылмыстарды, қаржылық пирамидаларды анықтау және тергеу саласындағы қызметі, сондай-ақ Агенттікке жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Төртінші курс студенттері келген қонақтардың сөзіне қызығушылықпен ден қойып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.

Кадрлар әлеуетін дамыту басқармасының бас кеңесшісі Асель Қайыржанқызына және Кадрлар әлеуетін дамыту басқармасының аға жедел уәкілі Гани Сутбаевқа өткізілген кездесу үшін алғысымызды білдіреміз!