М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
11.10.2014

Русистиканың күзгі мектебі


DSC_0048s.jpg2014 жылдың қазанның бесінен он біріне шейін Астанада, Қазақстан халқының тілдері фестивалының аясында, «Көпмәдениетті Қазақстанда орыс тілі мен әдебиетін оқытудың интеграциялық ыңғайлары» тақырыбымен Русистиканың ХІ күзгі мектебі өтті.

Өткен он жылдың ішінде дәстүрге айналып үлгерген бұл іс-шара орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің біліктілігін көтеруде өнімді семинар болатынын көрсетті. Күзгі мектепті ұйымдастырғандар – Ғылым мен мәдениеттің ресейлік орталығы, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы, Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті – алдарына орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің дамуындағы жаңа үрдістерді бақылап, оларды мұғалімдерге таныстыруды міндет қойып отыр. Биылғы жылы семинарға Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының халықаралық ассоциациясынан (МАПРЯЛ, Санкт-Петербург), Ресей халықтар достығы университетінен (Мәскеу), Экономика жоғары мектебінен (Мәскеу), Л.Н. Толстой атындағы Тула мемлекеттік педагогикалық университетінен командалар қатысты.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.