2024 жылғы 23 қазанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы Республика күніне арналған жыл сайынғы шахмат турнирін өткізді. Студенттер мен магистранттар қатысқан турнирді әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының дене шынықтыру пәні оқытушылары ұйымдастырды. Сайыстың төрешісі – доцент Д.С. Ташкеев.
Шахмат – Жер бетіндегі ең танымал үстел ойыны. Ойынның тарихы шамамен он бес ғасырға созылады, бірақ ол өзінің танымалдылығын жоғалтқан жоқ, түрлі жастағы адамдар оның жанкүйерлері мен қызығушылары болып саналады. Қазақстан филиалында шахмат турнирлері студенттердің ішіндегі шахматты жақсы көретіндерінәің басын қосатын дәстүрлі шараға айналды. Турнир рапид (жылдам шахмат) принципі бойынша өткізілді. Яғни әр ойыншыға жүрісі туралы ойлауға шектеулі уақыт беріледі.
Турнир қорытындысында келесі жүлделі орындар анықталды:
1 орын – Әнуар Байшагиров, «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 1 курс магистранты;
2 орын – Мубараков Ануар, «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 1 курс студенті;
3 орын – Шумилов Давыд, «Математика» бағытының 2 курс студенті.
Шахмат турнирінің қатысушылары мен ұйымдастырушыларына алғыс айтамыз!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлығын оқуда да, спорттық жарыстарда да сәттілік тілейміз!
Фото: ММУ ҚФ Студенттік кеңесі