М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
28.11.2014

Филиал «ХХІ ғасырдың білімі мен ғылымы» атты XII халықаралық көрмеге қатысты


IMG_0549s.jpg2014 жылдың 26 қарашасынан 28 қарашасына шейін «Көрме» орталығында «ХХІ ғасырдың білімі мен ғылымы» атты ХІІ халықаралық көрме өтті. Мұндай ауқымды іс-шараны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің ресми қолдауымен даярлаған – «Атакент-Экспо» халықаралық көрмелік компаниясы.

Көрмеде Қазақстан атынан өкілдік еткен жетекші ЖОО-лар – М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы (Астана қ.), Назарбаев университеті (Астана қ.), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.), М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы (Алматы қ.), Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университет (Карағанды қ.). ММУ ҚФ стендісі көптеген қонақтың назарын аудартты. Университет өкілдері оқушылар мен ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, Филиал туралы және ММУ ҚФ білім беру бағдарламалары туралы әңгімеледі, оқытудың блоктық жүйесінің ерекшеліктерін түсіндірді.



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.