М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жалпы ақпарат
11.03.2020

ММУ-ге елордадан ғимарат беріледі // Телеканал Qazaqstan

qazaqstan.png

11.03.2020

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

ММУ-ге елордадан ғимарат беріледі


 

Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалына Елордадан арнайы ғимарат беріледі. Көптен бері түйіні тарқалмай келген проблема бүгін Елбасының Ресейге жұмыс сапары барысында шешілді. Сонымен қатар, кешелі бері Мәскеуде «Н. Назарбаев - еуразия интеграциясының сәулетшісі» атты көшпелі көрме өтіп жатыр. Тұңғыш Президент құнды мұралар қойылған көрмеге де барды. 

 

Шараның дәл осы университетте өтуі кездейсоқ емес. Осыдан тура 26 жыл бұрын тап осы ғимаратта Елбасы еуразиялық интеграция идеясын ұсынған.

 

Көпшілік назарына 700-ге жуық эскпозиция ұсынылған. Онда мұрағат материалдары, кітаптар мен фото-бейнематериалдар бар.

 

Көрмеден соң Елбасы осы университет ректоры Виктор Садовничиймен кездесіп, тараптар бірқатар түйткілдерді талқылады.

 

Елбасы университет қабырғасындағы музейге де соқты. Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

 



[Дереккөзі]



Анонс каз: 
Подробно каз: 

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.