16.10.2026
Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы 3 мыңнан астам түлек шығарды. Оқу ордасының 25 жылдығына арналған салтанатты шарада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді. Жақында университетке жаңа ғимарат беріледі. Онда магистратура-аспирантура бағыттары бойынша жұмыстар атқарылады. Әсіресе математикалық модельдеу, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға басымдық беріледі. Жиында оқу ордасының үздік мамандары марапатталды.
Источник https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/799917-maskeu-memlekettik-universitetinin-kazakstandagy-filialy-3-mynnan-astam-tulek-sygardy