ММУ филиалы 25 жылда 3 мың маман даярлаған // Жибек жолы, 15.10.26

Логотип 15.10.2026
 
Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филиалының Қазақстанда ашылғанына биыл 25 жыл. Білім ордасы Қазақстан мен Ресей арасындағы академиялық ынтымақтастықтың белгісіне айналған. Осы уақыт ішінде 3 мың адам білім алып шыққан. Биылдың өзінде 161 түлекке диплом берілген. Мерейтойға орай бүгін мұнда халықаралық конференция ұйымдастырылды. Жиында филиалдың жұмысы мен ғылымды дамытудың жаңа басымдықтары талқыланды. Қазір мұнда бакалавриаттың 4 бағыты және магистратураның 9 бағдарламасы жұмыс істейді. Білім беру ұйымы ғылымның барлық бағытында жасанды интеллектіні белсенді қолданады. Мәселен, наурыз айында филиал Қазақстанның Жасанды интеллект министрлігімен