М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жалпы ақпарат
БИСЕМБИНА ДИНАРА АСКАРОВНА – заместитель директора по информационному сотрудничеству и коммуникации

ДИНАРА АСҚАРҚЫЗЫ БИСЕМБИНА – директордың ақпараттық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары



Динара Бисембина 2005 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша үздік бітірген, 2009 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқып, журналистиканың магистрі дәрежесін үздік дипломмен аяқтады.


Педагогика саласындағы еңбек өтілі 2009 жылы PR және журналистика пәндері бойынша дәріс оқудан басталған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистратурасын бітіргеннен кейін Гумилев атындағы ЕҰУ-де еңбек ете жүріп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде сондай-ақ М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында да сабақ берді.


Сонымен қатар, Динара Асқарқызы БАҚ, үкіметтік емес ұйым және мемлекеттік органдарда да қызмет еткен, мол тәжірибесі бар.


Бастапқыда «Литер» газетінде (2005-2009 жж.), кейін 2007-2009 жж. «Литер» газетінің Мәскеудегі (Ресей) тілшісі, «Бас редакторлар клубы» ҚБ атқарушы директоры (2010 - 2012), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінде (2013) еңбек етті. «Нұр Отан» партиясы баспасөз қызметінде (2013-2015 ж.), ал Қызылорда облысы әкімдігінде қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бойынша жетекшілік етті (2017-2019 ж.), «Хабар» телеарнасының директоры (2019-2022) болып жұмыс істеді.


Ғылыми саладағы зерттеу бағыттары: брендинг, ұлттық брендинг, елдік PR, аумақтық маркетинг, БАҚ және коммуникациялар.


Педагогикалық қызметі: Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында магистранттарға «Медиалингвистика» бағытында дәрістер оқиды. Негізінен «Медиамәтін: теория және тәжірибе», «Практикалық журналистика» сондай-ақ «Қазіргі заманғы медиа кеңістік» тақырыптарында оқу курстары мен арнайы курстар бойынша дәріс береді.

Негізгі функционалдық міндеттері: университет филиалының қоғаммен байланыс саласында саясатын қалыптастыру, іске асыру және дамыту, сонымен қатар, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау және талапкерлермен жұмысты ұйымдастыру.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың (2015 ж.), Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К Тоқаевтың (2021 ж.) алғыс хаттарымен және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен (2021 ж.), сондай-ақ министрліктер мен ведомстволардың Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталған.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.