М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жалпы ақпарат
ОРАЗБАЕВА АЛТАЙЫ ИРАНБЕКОВНА – заместитель директора по научной работе и воспитательной деятельности /**

ОРАЗБАЕВА АЛТАЙЫ ИРАНБЕКҚЫЗЫ – директордың ғылыми жұмыс және тәрбие қайраткерлігі жөніндегі орынбасары

*/

Тарих ғылымдарының докторы, (2005), профессор (2011).

 

М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры.

 

1987 жылы Алматы қаласының №86 орта мектебін Алтын белгімен тамамдаған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетін үздік дипломмен аяқтаған (1992), ҚР ҒБМ ҒК Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының докторантурасын бітірген (2002-2005).

 

3 монография, 5 оқулық және оқу құралдарының, қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде жарияланған 100-ден астам ғылыми, ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы. А.И.Оразбаеваның ғылыми жетекшілігімен  3 кандидаттық диссертация қорғалған.


Қазақстан тарихы бойынша ғылыми жұмыстар топтамасы үшін ҚР ҒБМ М.Әуезов атындағы сыйлығының лауреаты (2004); «Ғылым саласындағы жоғары жетістіктері үшін» ҚР Үкіметінің  «Дарын» жастар Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004); ҚР ҒБМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрметті төсбелгісінің иегері (2015).

 

Ғылыми қызығушылық саласы: тарих философиясы, өркениетанама, мемлекеттану, отандық тарихтың әлеуметтік-әдіснамалық мәселелері,  көшпелі өркениет, дәстүрлі қазақ қоғамы, билер институты, қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы.

 

Негізгі функционалдық міндеттері Қазақстандық филиалдың ғылыми-зерттеу жұмысы мен тәрбие қайраткерлігін ұйымдастыру және үйлестіру.

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.