М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жалпы ақпарат
ОТЕЛБАЕВ МУХТАРБАЙ – заместитель директора

ӨТЕЛБАЕВ МҰХТАРБАЙ – директордың орынбасары


1942 жылдың 3 қазанында Жамбыл облысы Қордай ауданының Қаракемер ауылында туған. 1969 ж. ММУ механика-математикалық факультетін бітірген. Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының академигі (2004), физика-математика ғылымдарының докторы (1978), профессор (1983), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті математикалық модельдеу әдістері кафедрасының профессоры.

Мұхтарбай Өтелбаев функционалдық талдау мен оны қолдану саласының ірі маманы болып саналады. Елде де, шетелдерде де кеңінен танылған 2 монография мен 190-ға тарта ғылыми соны еңбектердің авторы. Среди работ М.Өтелбаев еңбектерінің қатарында қолданбалы маңызды міндеттерді шешуге арналған 4 авторлық куәлік бар.

М.Өтелбаев бірқатар жылдан бері «ҚР Ғылым академиясының хабарлары. Физика-математикалық серия» журналы редакция алқасының мүшесі болып келеді. 2003 жылдан бері Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ мен М.В.Ломоносов ат. ММУ бірлесіп шығарып келе жатқан «Еуразия математикалық журналының» бас редакторы, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының халықаралық ғылыми “Applied and Computational Mathematics” журналы редакциялық алқасының мүшесі.

2004 жылы М.Өтелбаевқа Тегеран қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының «Ғылым мен технология» аталымы бойынша сыйлықтың лауреаты атағы берілді. «Алтын адам» конкурсының 2002 жылғы қорытындылары бойынша «Жылдың ғылым қайраткері» атағы берілді. 2006 жылғы «ЖОО үздік оқытушыысы» конкурсының лауреаты. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері болды.

Негізгі қызметтік міндеті – филиал студенттерінің ғылыми жұмыстарын үйлестіру.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.