КОТЛЯРОВА ТАМАРА ГРИГОРЬЕВНА – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Филология ғылымдарының кандидаты, тіл білімі доценті, лингвистиканың ассоциацияланған профессоры.
Т.Г. Котлярова С. Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік бітірген, 1987 - 1991 жылдары В.И.Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің аспирантурасында оқыды, 2000 жылы 10.02.01 – орыс тілі мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын табыспен қорғады.
Ол – ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік 67 еңбектің авторы. Соңғы жылдары бір монография, екі оқу құралын, лингвистика пәндері бойынша алты оқу-әдісстемелік кешенді, магистранттардың жоғары оқу орындарындағы педагогикалық практикасын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік кеңестерді ж.б. жарыққа шығарды.
Соңғы 15 жыл бойы қаланың педагогикалық қауымымын ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізіп келеді. ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті жанынан құрылған жұмыс тобының мүшесі ретінде ҚР БҒМ Жоғары мектеп проблемалары бойынша әдістемелік кеңестің мүшесі жұмысын атқарады. 2005 жылдан бері магистрлік және докторлық жаңа бағдарламалар енгізуді реттейтін нұсқаулық құжаттардың жобасын әзірлеуге белсене қатысады.
Негізгі қызметтік міндеттері: оқу үдерісін ұйымдастыру; студенттермен және кафедралармен жұмыс; Мәскеу университеті мен Филиалдың белсенді ықпалдастығының деңгейін көтеру; оқытудың блоктық әдісінің технологиясын жетілдіру; білім беру реформалауды ескере отырып оқу-нормативтік құжаттарды іске қосу.