М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жалпы ақпарат

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

 

М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы 2012 жылы Филиалда оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын жүргізу мақсатында құрылған. Кафедра Филиалдың барлық мамандықтарының оқу жоспарларында қарастырылған әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуды қамтамасыз ететін оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

 

Абдильдина Р.Ж.


Кафедра меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Әбділдина Раушан Жабайханқызы. Ол адам бостандығын дамыту, адам даралығын қалыптастыру, қазақ және дүниежүзілік философия тарихы мәселелеріне арналған бірқатар монографиялық еңбектердің авторы.

 

Кафедра штатында профессор, философия ғылымдарының докторы С.Ш. Аязбекова, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ә. Ермекбай, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.И. Оразбаева, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Д.С. Ташкеев, аға оқытушылар И.И. Лиховец, Е.И. Клюкина, О.А. Волков және аға әдіскер А.Б. Ракишева қызмет етеді.


ӘГП кафедрасының оқытушылары оқу үдерісін ұйымдастыруда, оған оқытудың инновациялық технологияларын белсенді түрде енгізіп, студенттер мен оқытушылар арасындағы интерактивті байланысты дамытуға ықпал етеді, соның негізінде оқу үдерісіне эмоционалды белсенділік орнатып, толыққанды мазмұнды сипат береді.

 

[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.