М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жалпы ақпарат

Электрондық кітапханалық жүйелер


ЭКЖ «Университеттік онлайн кітапхана» — жетекші ресейлік баспалардан білімнің барлық саласы бойынша ғылыми және оқу басылымдарын қолжетімді ететін электрондық кітапхана. ЭКЖ құрамында электрондық кітаптар мен оқулықтар, ғылыми басылым (ВАК журналдары), ғылыми классикалық шығармалар; энциклопедиялар мен сөздіктер, интерактивті тестілер мен тренажерлер, емтихандарға экспресс-дайындық (емтихан сұрақтары мен жауаптары), оқу және тарихи карталар, аудиокітаптар және бейнематериалдар, презентациялар, сызбалар, кестелер. Басылымдар каталогы жүйелі түрде жаңа өзекті әдебиеттермен толықтырылып тұрады және қазіргі таңда мұнда 100 мыңдай аталым бар.


ЭКЖ «Университеттік онлайн кітапхана» федералдық үшінші және үшінші+ мемлекеттік білім стандарттарының (ФГОСВПО) кітапханаларға қоятын негізгі және қосымша әдебиеттер қорымен қалыптастыру талаптары жағынан толығымен сәйкес келеді. «Университеттік онлайн кітапханадағы» әрбір басылым қолданыстағы библиографиялық рәсімдеудің талаптарына толығымен жауап береді: библиографиялық рәсімдеу, кітаптың сыртқы парағы, аннотация және интерактивтік мазмұн; мәтін түпнұсқа полиграфиялық верстканы сақтай отырып парақтар бойынша бөлінген.


>>> Нұсқаулық


Қосымша бейненұсқаулық Ресурстарды қолдану бойынша нұсқаулық.


ЭКЖ "Юрайт"


ЭКЖ «Юрайт» biblio-online.ru — бұл Ресейдің жетекіш оқу орындарының экономика, заң, гуманитарлық, инженерлік-техникалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттар мен мамандықтары бойынша авторлар жазған оқулықтар мен оқу құралдарының виртуалды оқу залы.


>>> Нұсқаулық




«КиберЛенинка» ғылыми электрондық кітапхана  – бұл ғылыми электрондық кітапхана, ол ашық ғылым (OpenScience) парадигмасында құрылған. Бұл кітапхананың негізгі міндеттері ғылымды және ғылыми әрекетті көпшілікке тарату, ғылыми басылымдарға қоғамдық бақылау жасау, пәнаралық зерттеулерді дамыту, ғылыми рецензиялардың заманауи институттары мен ресейлік ғылымның цитаталануын көтеру.


URL: http://cyberleninka.ru


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.