М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының тарихы

Александр Владимирович, абитуриенттер үшін М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалына түсудің қандай мүмкіндіктері бар?

Филиал Мәскеу университетінің сапалы білімін алу үшін түрлі мүмкіндіктер ұсынады. Бәрін ретімен қарастырайық.

Негізгі нысаналы аудитория – бұл түлек сынып оқушылары. Филиал оларға не ұсынады?

11-сынып оқушылары М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының оқушылар олимпиадасына қатыса алады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Филиалға түсу емтихандарынсыз түсуге құқылы. Олардың олимпиадада жинаған ұпайлары түсу кезінде есепке алынады.

Магистратурада оқуын жалғастырғысы келетіндер үшін арнайы олимпиадалар бар ма?

Жоғары курс студенттері мен түлектер үшін Филиал Универсиада өткізеді, оның мақсаты – жоғары оқу орындарының талантты түлектерін анықтау және олардың ішіндегі ең үздіктерін М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының магистрлік бағдарламаларына түсу үшін іріктеу. Олармен біздің сайтта танысуға болады.

Сіздерде М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалына түсушілерге бағытталған дайындық курстары бар ма?

Бізде көп жылдар бойы талапкерлер үшін дайындық бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл математика, орыс тілі, ағылшын тілі, география, әдебиет және физика пәндері бойынша сабақтар. Курстар қазан айында басталып, мамыр айында аяқталады. Барлық пәндер бойынша сабақтарды М.В. Ломоносов атындағы МГУ Қазақстан филиалының білікті оқытушылары ММУ-ға түсу емтихандарының бағдарламаларына сәйкес жүргізеді. Сабақтар ақылы. Курстар туралы барлық ақпаратты біздің www.msu.kz. сайтымыздан таба аласыз.

Жаңа оқу жылында бакалавриатта оқудың басқа бағыттарын және жаңа магистрлік бағдарламаларды ашу жоспарланып отыр ма?

Біз Филиалда оқудың жаңа бағыттары мен бағдарламаларын ашу туралы ұсыныстарымызды Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне жібердік. Олар қолдау табады деп үміттенеміз. Жаңалықтарды қадағалаңыз!

«Жасөспірімдер мектебі» дегеніміз не және оған қалай түсуге болады?

ММУ «Жасөспірімдер мектептері» – бұл осы оқу жылында ашылатын Филиал жұмысының жаңа бағыты. Мектептердің міндеті – мектеп оқушыларының қабілеттерін дамыту, оларға оқу бағытын және болашақ мамандығын таңдауға көмектесу. Сондай-ақ бұл түсу емтихандарына дайындалудың қосымша мүмкіндігі. Мектептерде Мәскеу университеті мен Қазақстан филиалының оқытушылары дәріс береді. Филиалда жас эколог, жас математик, жас бағдарламашы және жас филолог мектептері ашылады. Мектептердің ашылуы 2023 жылдың ақпан айына жоспарланған. Сайттағы хабарландыруларды қадағалаңыз. Мектепке түсу үшін ата-аналардан өтініш қажет болады.

«Жасөспірімдер мектебінде» оқыған абитуриент емтихансыз түсу мүмкіндігіне ие бола ма? Мектепте оқу ақылы бола ма?

Мектепте оқу тегін болады. «Жасөспірімдер мектебінде» оқудан өткенін растайтын сертификат түсу кезінде жеңілдік бермейді. «Жасөспірімдер мектебі» түсу емтихандарына дайындық жүйесі болып табылмайды.

Барлық студенттерге жатақхана беріледі ме?

Иә, бұл рас, барлық студенттерге 500 орынға есептелген біздің жайлы жатақханамызда орын беріледі. Мен тіпті барлық студенттерге жатақханада тұруға кеңес беремін, себебі бұл студенттік өмірдің атмосферасына толықтай ену мүмкіндігі.

Студенттер Мәскеуге ұшу және жатақхана үшін ақы төлей ме?

Мәскеуде студенттер жатақхана үшін ақы төлемейді. Жатақхана төлемі мемлекеттік тапсырыс құнына кіреді. Бір бағытта жол жүру құны үшін 55 мың теңгеден аспайтын сома өтеледі.

«Ломоносов» олимпиадасы Филиалға түсу кезінде ескеріле ме? Ол жеңілдіктер бере ме?

«Ломоносов» олимпиадасы жеңімпаздарының нәтижелері түсу кезінде жеңілдіктер беретін нәтижелер тізіміне енсе, ескеріледі.

Ресейлік жоғары оқу орындарының дипломдары енді мойындалмайды дегенді естідік. Бұл ММУ филиалына да қатысты ма?

Бүгінде, өкінішке орай, жалған ақпарат көптеп жасалуда. ММУ дипломы жұмысқа орналасу кезінде елеулі артықшылыққа ие болып қала береді.

Емтихандар тек Астанада өте ме, әлде басқа қалаларда, мысалы, Мәскеуде емтихан тапсыруға мүмкіндік бар ма?

Қазіргі уақытта түсу емтихандарын тек Астанада тапсыруға болады.

Филиалда мәскеулік оқытушылар сабақты тек қашықтан жүргізеді деген рас па? Егер бұл олай болмаса, Астанаға қанша мәскеулік оқытушы келеді?

Пандемияға дейін Филиалға жылына шамамен 120 мәскеулік оқытушы келіп тұрды. Пандемия кезінде сабақтар қашықтан және қашықтан-күндізгі нысанда, яғни ішінара үйден, ішінара аудиториядан жүргізілді. Қазір Астанаға іссапармен келетін оқытушылар саны біртіндеп артып келеді және жақын арада бұрынғы деңгейіне оралуы тиіс.

Филиалда дебат клубы және басқа да қызығушылық клубтары бар ма?

Қазіргі уақытта Филиалда «Берегиня» фольклорлық ансамблі мен «Тәңірі» әдеби клубы жұмыс істейді. Шығармашылық байқаулар өткізіледі. Ең бастысы: барлық қызығушылық шаралары сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылады.

Филиалда әскери кафедра бар ма?

Жоқ, өйткені Заң бойынша шетелдік жоғары оқу орындары мен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары әскери кафедраларды ұстауға құқылы емес.

Келесі жылы түсу емтихандарының тізімі өзгере ме? Физика пәнінен түсу емтиханы қайтарыла ма?

2023 жылы өзгерістер болмайды.

ММУ-да тағылымдамалар қалай өтеді? Индустрияның қандай секторлары қамтылған?

Студенттер үшін тағылымдамалар болмайды. Студенттер үшін практика қарастырылған. Студенттердің Мәскеуде болу кезеңі тағылымдама болып табылмайды. Бұл оқу жоспарына сәйкес кіріктірілген оқыту.

Филиал жаңа ғимаратқа қашан көшеді?

Жаңа ғимарат қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта онда магистранттарға арналған оқу сабақтары өткізілуде. Биыл жаңа ғимаратта Ғылым және білім күнінің салтанатты ашылуы, сондай-ақ ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектың дәрісі өтті. Бірақ әзірге ғимарат толыққанды көшуді ұйымдастыру мүмкіндігі болу үшін барлық талаптарға сай емес. Қазіргі уақытта бұл мәселелерді шешу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Сіздің ойыңызша, университет мақтанышы не болып саналады?

Мәскеу университетінің мақтанышы – ММУ Қазақстан филиалы. Бұл туралы ректор В.А. Садовничий өз сөзінде жеке айтқан болатын. Мен біздің Филиалдың мақтанышы оның түлектерінің Мәскеу университетінің түлектеріне қойылатын талаптарға сай болуы деп санаймын.

Айталық, университетте ақылы негізде оқуға түстік делік. Кейіннен тегін оқуға ауысу мүмкіндігі бар ма?

Иә, мұндай мүмкіндік бар. Тегін оқуға ауысу ережелерімен біздің ресми сайтымызда танысуға болады. Ауысу арнайы комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Түсуге қалай жақсы дайындалуға болады?

Ең бастысы – жүйелі түрде дайындалу! Тиімдірек дайындалу үшін біздің дайындық курстарына жазылуға болады.

Филиалда білім алу ақылы ма?

Филиалда білім алу тегін және Қазақстан республикасының мемлекеттік білім алу тапсырысының негізінде жүзеге асырылады.

Филиалға ақылы негізде оқуға түсуге бола ма?

Филиалда айрықша, жеке бір ақылы орындар бойынша конкурс жоқ. Дегенмен, өту үшін керекті баллды толық жинай алмаған талапкерлер бөлінген ақылы орынға түсуге талаптануына болады.

ҰБТ нәтижелері ескеріле ме?

Ескерілмейді.

Филиала оқуға қабылдау қалай жүргізіледі?

Түсу сынақ емтихандары негізінде жүргізіледі. Түсу сынақ емтихандарын М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Орталық қабылдау комиссиясының кестесіне сәйкес, Мәскеу университетінің комиссиясы жүргізеді.

Оқушылардың Олимпиада нәтижелері ескеріле ме?

Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің Олимпиада тізімдеріне енгізілген Олимпиадалардың ғана нәтижелері ескеріледі. Жеңілдіктер тізімін Орталық қабылдау комиссиясы бекітеді, ол дегініміз – сәйкес емтихан бойынша қол жеткізілген 100 балл.

Біздің естуімізше, студенттер оқу мерзімінің бір бөлшегін Мәскеуде оқиды, онда оқығаны мен жатақханада тұрғаны үшін ақы төлей ме?

Жоқ, ақы төлемейді.

Қабылдау комиссиясы аймақтарға шыға ма?

Жоқ.

Филиал түлектері қандай диплом алады?

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегінің дипломын алады, МГУ-дің барлық түлектерінің дипломдары бірдей болып келеді.

Филиалда магистратура бар ма?

Иә бар. Мынадай бағыттар бойынша - «Қолданбалы математика және информатика», «Филология», «Экономика». Магистратураға қабылдау түсу сынақ емтихандары негізінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру тапсырсының негізінде жүзеге асырылады

Магистратураға қабылдау кезінде «Ломоносов» Универсиадасының нәтижелері ескеріле ме? 

Иә, Орталық қабылдау комиссиясы бекіткен жеңілдіктер тізімі негізінде.

Басқа қаладан келген студенттерге жатақхана беріде ме?

Иә, басқа қаладан келген студенттердің барлығын жайлы жатақханамен қамтамасыз етіледі.

Түсу сынақ емтихандары басталар алдына дайындық курстары жұмыс істей ме?

Иә, жұмыс істейді, нақты ақапарат алу үшін сілтемені басыңыз.

Филиалда сырттай немесе кешкі оқу формалары бар ма?

Жоқ, Филиалда қазіргі уақытта тек күндізгі оқу бөліміне ғана қабылданады.

Ақылы оқудан тегін оқу жүйесіне ауысу мүмкін бе?

Иә, ауысуға болады. Үздік оқып жүрген студенттер Филиалдың сайтында орналастырылған ережелерге сәйкес, ҚР мемлекеттік тапсырысының есебінен оқуға ауысуына мүмкіндіктері бар.

Егер мен «қанағаттанарлық» деген бағалар алған болсам, ақылы оқудан мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу жүйесіне ауысуыма бола ма?

Мұндай студенттер ауысу туралы ережелерге сәйкес, оқудан шығарылғаннан студенттердің босаған орындарына ауыса алады.

Бірінші курстан кейін тегін оқуға ауысуға бола ма?

Егер студент «өте жақсы» бағамен оқитын болса және бос орындар болса, бұл мүмкін.

Ауысу туралы түйінді шешімді кім қабылдайды?

Біздің ұсынысымыз бойынша ММУ ректоры қабылдайды. Біздің ұсынысымыз Филиалдың Ғылыми кеңесі шешімі негізінде және ауысу туралы комиссия мен студенттердің қатысуымен қабылданады.

Мәскеу университетінің рейтингі қандай?

Мәскеу университеті – бұл әлемдік деңгейдегі университеті. Түлектерінің талап етілуі бойынша ол Stanford и Oxford университеттерінен кейін үшінші орында тұр.

ММУ жүйесіндегі Қазақстан филиалының орны қандай?

Филиал – Мәскеу университетінің барлық басқа факультеттері сияқты толыққанды құрылымдық бір бөлімшесі.

Остались вопросы?
Напишите нам, и мы обязательно вам ответим!
Отправить
Нажимая на кнопку, я соглашаюсь на обработку персональных данных и с пользовательским соглашением.
* -Обязательные поля