М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
01.11.2017

Евразиялық мәдениетті танып-білеміз


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «Филология» және «Экономика» бағытының студенттері Еуразиялық мәдениет» пәнін оқу барысында (профессор С.Ш. Аязбекова) Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде болды.

«Шығыс пен Батыс» – осындай атаумен Ұлттық музейде Мемлекеттік Эрмитаждың жинағынан алынған ежелгі қару-жарақ жинағы көрініске қойылды.

Астанада көрсетуге алып келінген Мемлекеттік Эрмитаждың жинағынан алынған ежелгі қару-жарақ әлемдегі ең үздіктердің бірі саналады. Оның негізін бастаған І Николай болатын, ол жас кезінен Санкт-Петербургтегі Аничково сарайында шығыс және батыстың ежелгі қару-жарақтатрын жинауды бастаған болатын.

Еуропалық рыцарь, жапон самурайы, османдық және үнді жауынгерлдері, парсы сарбаздары Астанада – бейбітшілік қаласында, Еуразияның жүрегінде орналасқан қалада өз айбыны мен қару-жарағын таныстырған бейбіт басқосу өткізген еді. Барлық жәдігерлерді гид-экскурсовод А.К.Султанова таныстырып өтті. Гид кез келген сарбаздан артық білімін көрсете отырып, барлық қару-жарақтың – үнді кирсын, парсы таразинін, дағыстан қылышын, қоқандтық ат әбзелдерін, герман найзалары мен нидерландтықтардың мушкеттерінің тарихы мен ерекшеліктерін таныстырып берді.

Қазақтың киелі құсы өз қанатының астында Батыс пен Шығыстың басын біріктіреді, Мәскеу университетінің студенттерін жаңа білім жолына, жаңа беалыстарға жаңа жасампаздыққа шығарып салады. «Әлемнің – Шығыс пен Батыстың білімі – жастардың Темірқазық жұлдызындай болсын» деген ой келеді.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.