М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
29.01.2024

ММУ Қазақстан филиалының студенттері ХІХ Халықаралық студенттер мен жастар ұйымдары көшбасшыларының форумына қатысты


2024 жылғы 24-26 қаңтарда М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де «Татьяна күні – 2024» ресейлік студенттер күнін мерекелеуге арналған Студенттік және жастар ұйымдары көшбасшыларының ХІХ халықаралық форумы өтті. «Қашықтықтан-күндіз форматында» қатысуға болатын Форум аясында қызықты коворкинг сессиялар, конференциялар, тренингтер және дәстүрлі мәдени іс-шаралар өтті. Форумға ММУ мен Филиалдан ғана емес, сонымен қатар Ресейдің, Қазақстанның, Қырғызстанның, Қытайдың және басқа да елдердің қалаларынан студенттер қатысты.



Бірінші күні салтанатты ашылу рәсімі болып өтті және коворкинг сессиясы өткізілді. Онда белсенді студент жастар жас көшбасшының құралдары, заманауи талаптар мен жастардың өзін-өзі басқаруының басымдықтары мен тәлімгерлік мәселелерін талқылады. Одан соң форум қатысушылардың дені қызығушылық танытқан «Студенттік ұйымның мотивациясы: жұмыс тобынан халықаралық жобаға дейін» атты тренинг өткізілді.


ММУ Қазақстан филиалының студенттері «Жастардың халықаралық ынтымақтастығын дамыту» тақырыбындағы сессияға белсене қатысты. Сессия барысында халықаралық студенттік одақтар мен қауымдастықтар, елтанымдық клубтар, жыл сайынғы халықаралық іс-шаралар мен ғылыми-білімдік жобалары туралы баяндамалар жасалынды. Форумға ММУ Қазақстан филиалы Студенттік кеңесінің төрайымы Анастасия Девяткина, төрағаның орынбасары Татьяна Гобина және қоғаммен байланыс секторының меңгерушісі Алина Мукаева қатысты.






Анастасия Девяткина «ММУ – шетелдегі ресейлік білімнің флагманы» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз баяндамасында Филиалдағы ММУ «Жастар мектебі», оқушыларға арналған Олимпиада, «Ломоносов» Халықаралық ғылыми конференциясы, магистратураға түсетін университет түлектеріне арналған Универсиада атты жобалар туралы айтты.


Анастасия бакалавриат және магистратураның бітіруші студенттері Қазақстанның жұмысшы жастарымен – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің болжамдық тобының жас мамандарымен, Ұлттық статистика бюросының, Қаржы мониторингі агенттігінің, Үлкен төрттік аудиторлық компанияларының жас мамандарымен, ірі ақпараттық агенттіктер мен ұлттық телеарналардың жас мамандарымен белсенді ынтымақтастық байланыстарын және соның негізінде ММУ Қазақстан филиалының жас кәсіби мамандар қоғамдастығы құрылуын ерекше атап өтті.


Баяндама қорытындысы бойынша Форумды ұйымдастырушылар Филиал делегациясына алғыс айтып, алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

 

Форум соңында М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры, академик В.А. Садовничий бал құйып тарату рәсімін өткізді, одан соң гала-концерт қойылды.


Мәтін: ММУ Қазақстан филиалының студенттік кеңесі


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.