М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
03.07.2017

Бос орындар жәрмеңкесі – 2017



IMG_6839s.jpg

2017 жылғы үшінші шілдеде М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Бос орындар жәрмеңкесі өтті. Амалмыш іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын түлектерге диплом беру салатанатымен ұштастырыла жүргізіледі. Мақсаты – түлектер мен жұмыс берушілердің өзара тығыз байланысын орнатып, түлектерді қазақстандық еңбек нарығына қарай бағыттау.

Бос орындар жәрмеңкесі мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардың Филиал түлектерімен жақын танысуына мүмкіндік береді. Түлектер үлкен өмірге сенімді аяқ басып, алдарында ашылған кәсіби мүмкіндіктерді бағалауға мүмкіндік алады. Осылай, Филиал өзінің түлектеріне ақыл-насихатын айтып, өмірдегі жолдарының болуына тілектестігін білдіреді.

«Бос орындар жәрмеңкесі–2017» іс-шарасында 30 шақты ұйым болды, олардың ішінде мектептер мен гимназиялар, БАҚ, банкі құрылымдары, ғылыми және басқа мекеме өкілдері.


[нақтырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.