sputnikKZ.jpg

16.11.2023



«Ломоносов 2024» конференциясына елуден астам ЖОО студенттері келді




Елордада халықаралық «Ломоносов 2024» конференциясы өтті. Ғылыми басқосуға әлемнің 50-ден астам жоғары оқу орнының студенттері мен ғалымдары келді. Дәстүрлі конференция биыл геоэкологиялық проблемалар мен ақпараттық технологиялардың даму тақырыбына арналды. Пленарлық отырыстарда 300-ден астам ғылыми баяндама тыңдалды. 

Жас ғалымдар әлемдегі табиғи және техногендік апаттарды болжау мен оның алдын алу бойынша зерттеулерімен бөлісті. 

Александр Сидорович, М.Ломоносов атындағы ММУ филиалының директоры: 

- Біз табиғи және техногенді сипаттағы қауіп-қатерлерді зерттеумен айналысып жатырмыз. Олардың Қазақстан, Ресей, басқа да елдердің дамуына әсерін анықтап, ғылыми ұсыныстар жасаймыз. Статистка бюросымен, Ұлттық банкпен бірлесе жұмыс атқарудың жол картасын қабылдадық. Сондай-ақ унивеситетте жасанды интелектінің пилоттық жобасын жүзеге асырдық.


 [Дереккөз]