М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
29.12.2023

ММУ Қазақстан филиалының студенттері Еңбек БҒЗИ-індегі ғылыми-әдістемелік семинарда баяндама жасады


2023 жылғы 27 желтоқсанда Еңбек БҒЗИ ғылыми-әдістемелік семинарында ММУ ҚФ экономика факультетінің 3 курс студенттерінің «Аймақтық еңбек нарығын талдау: Орлов облысы» тақырыбы бойынша баяндамасы талқыланды. Ғылыми жобаның жетекшісі - экономика ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов атынағы ММУ экономика факультеті еңбек экономикасы мен персоналдары кафедрасының доценті И.Д. Бурак.










И. Колода, Г. Чипошин және А. Кулжанов өздерінің оқу жобасымен таныстыра отырып, Орлов облысының демографиялық, экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктерін, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісі бірдей жоғары дамыған, ғылыми бағыттағы салаларға талдау жасады. Олар еңбек нарығындағы ұсыныстардың әркелкілігін зерттеу үшін аймақ ішіндегі халықтың тек сыртқы ғана емес, ішкі көші-қонын да зерттеудің маңыздылығына баса назар аударды.


Анализируя вопросы занятости и безработицы, авторы исследования отметили общее снижение уровня безработицы в регионе в 2010‒2022 гг., представили так называемый «портрет» безработного Орловской области, привели статистические данные, доказывающие, что число вакантных мест в регионе в настоящее время в 8 раз превышает число безработных граждан. Авторы назвали наиболее востребованные в регионе профессии для специалистов с высшим образованием (это врачи, преподаватели и инженеры), а также самые популярные профессии по открытым в центрах занятости вакансиям (менеджер, охранник, бухгалтер).


Еңбек БҒЗИ сарапшылары студенттердің Ирина Дмитриевна Бурактың жетекшілігімен жүргізген ғылыми зерттеулеріне оң баға берді. Еңбек БҒЗИ бас директоры Д.Н. Платыгин студенттер жүргізген жұмыстың жаңалығын атап өтіп, әлі де нақтылауды қажет ететін аспектілерге жас зерттеушілердің назарын аударды. Бас директордың орынбасары В.М. Смирнов еңбек авторларымен бірге қазіргі экономикалық шынайылық жағдайында еңбекақыны көтеру тетіктерін талқылады. Еңбек қатынастарын және еңбек нарығын зерттеу орталығының еңбек нарығы басқармасының басшысы О.В. Забелина Орлов облысының үлгісінде ұсынылған зерттеуде қолданылған еңбек нарығын талдау әдістерін жекелеген субъектілер үшін ғана емес, федералды округтер үшін де қолдануға болатынын атап өтті.

[Дереккөз: Ресей еңбек министрлігі ВНИИ]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.