М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
18.02.2018

Ашық есіктер күні


2018 жылғы 18 ақпан - М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында ерекше мәні бар күн, Ашық есіктер күні болды

Филиалымыздың директоры А.В. Сидорович Филиалға келген талапкерлерді, ата-аналары мен мұғалімдерді қошемет сөзбен қарсы алып, бакалавриат пен магистратураға қабылдау және тіркеу ержелері мен талаптары жөнінде айтты. Директор өз сөзінде: «Бұл күні біз, өзіміз үміт ететін тамаша студенттер мен тамаша түлектерімізге айналатын жаңа талапкерлерді асыға күтеміз», - деп атап көрсетті.

Филиалдың қонақтарын ММУ Қазақстан филиалында дәрістер оқитын Мәскеу университетінің оқытушылары қарсы алды. Олар Мәскеу университетінің әлемдегі айрықша орны туралы айтып берді, Сонымен қатар Астанадағы Филиал студенттерінің Мәскеу қаласында оқуын жалғастырып, бітіруі туралы, өткен жылдардаға университетті тамамдаған тамаша түлектеріміз туралы айтты.


[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.