М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
16.10.2017

Филиалдың әдебиетші ғалымдары А.И. Солженицын атындағы орыс шетелдік Үйі қызметкерлерінің шақыруымен М.Нәрікбаев атындағы Халықаралық кітапханаға кітап тарту ету салтанатты рәсіміне қатысты


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары КазМЗУ-де 16 қазанда өткен М. Нәрікбаев атындағы Халықаралық кітапханаға кітап тарту ету салтанатты рәсіміне қатысты.

Филиалдың әдебиетші ғалымдары – филология кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.И. Власова, профессор Т.В. Кривощапова мен оқытушы А.В. Семенова мәскеулік қонақтар – А.И. Солженицын атындағы орыс шетелдік Үйі қызметкерлерінің шақыруымен ҚазМЗУ-де 16 қазанда өткен М.Нәрікбаев атындағы Халықаралық кітапханаға кітап тарту ету салтанатты рәсіміне қатысты. Рәсімге сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Елшілігінің өкілдері мен Астана қаласындағы Ресей ғылымы мен мәдениет орталығының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында музыкалы-поэтикалық бағдарлама ұсынылды: ҚазМЗУ студенттері театраландырылған этюдтер қойып, А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романына және С.Есенин өмірінің кейбір сәттеріне үңілуге мүмкіндіктер туғызды. 2015 жылы орыс шетелдік Үйін ММУ Қазақстан филиалы қонақ етіп қабылдаған болатын.


Мәтін: Анастасия Семёнова


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.