М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Студенческая жизнь

Міне, мамыр айы да туды, ол өзімен біргежылы да майшуақ күндерді ала келді. Сол күндердің көпшілігі өзіміз сағына күтетін мерекелі күндер екені белгілі. Жуық арада, 9 мамырда, еліміз Жеңіс Күнін тойлайды. Көшелерде әскери шерулер өтеді, тұрғындар халық мерекесінде көңіл көтеріп, Отанын қорғау үшін, аспанымыз ашық болу үшін өз өмірін қиюға дайын болған ардагерлерге деген құрметтерін көрсетеді.

М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы мұндай үлкен оқиғадан ешқашан тыс қалған емес. Жақында Филиал студенттері Жеңіс Күніне арналған көктемгі эстафетаға қатысты. Бұл іс-шара студенттердің басын алғаш рет қосып тұрған жоқ, ол ендігі дәстүрлі мерекеге айналды. Қатысушылар тағы да өздерінің тамаша шыныққан қалпы мен шыдамдылығын көрсете білді. Эстафета өткізілетін жер - Филиал студенттерінің сүйікті орнына айналған, университет ғимаратына жақын тұрған. «Жерұйық» паркі. Эстафетаға барлық бағыттағы бірінші және екінші курс студенттері мен Филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.


[нақтырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.