М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

Қонақ дәрісі «Жаһандық экологиялық мәселелерді шешудегі сақтық қағидасы»


2020 жылғы 26 желтоқсанда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Жаһандық экологиялық мәселелерді шешудегі сақтық қағидасы» тақырыбында онлайн-дәріс оқылды.


Дәрісті оқығандар – география ғылымдарының кандидаты, ММУ география факультетінің әлемнің физикалық географиясы және геоэкология кафедрасындағы табиғи ресурстар және табиғат ортасының техногендік өзгерістері лабораториясының меңгерушісі Н. М. Дронин және Қазақстан филиалындағы экология және табиғатты пайдалану кафедрасының оқытушысы В. С. Дехнич.


гео1.png


Аталған іс-шара сұхбат форматында өткізілді, оның аясында дәріс оқығандар экологиялық саясаттың қалыптасуындағы негізгі кезеңдерді және сақтық қағидасының артықшылықтары мен жеткіліксіздігін талқылады. Бұл қағида Рио-де-Жанейродағы қабылданған қоршаған орта туралы декларациядан соң кең тараған болатын. Дәріс оқығандар, сонымен бірге, жаһандық мәселелерді шешу әдістерінің ғылыми білімнің толыққандылығымен сәйкестігін бағалап өтті. Дәрісті тыңдауға 53 адам жиналды. Олардың арасында Филиалдың студенттері, оқытушылары, бітірген түлектері, «Астана» Халықаралық ғылыми кешенінің География және табиғатты пайдалану институтының ғылыми қызметкерлері және климаттың өзгеруі саласындағы жетекші мамандар болды.


гео2.png


Сөз соңында дәріс оқығандар атап өткеніндей, қорытындының нақтылығын бағалау барлық зерттеушілердің жетістігі болып табылады және анықтаудың сандық бағалау тәжірибесі қазіргі кезде UNEP және IPCC сияқты ұйымдардың жаһандық ғылыми баяндамаларында қолдалынуда.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.