М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

Ұлы Жеңіс – біздің ортақ тарихи жадымыз


Ұлы Отан соғысы, 75 жыл бұрын аяқталғанымен, әлемдік тарихтың, адамдар тағдырын мәңгіге өзгерткен еді. Осы жылғы көктемде М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар сериясын өткізуді жоспарлап отыр. 2020 жылғы 29 сәуірде Қазақстан филиалында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – біздің ортақ тарихи жадымыз» тақырыбында Халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.


общ1ы.jpg


Бүгінгі күні адамзаттың алдында Ұлы Отан соғысындағы жеңісімен адамзатқа бейбітшілік пен еркіндік сыйлаған осынау ұлы ерлік туралы есте сақтау міндеті қойылып отыр. Жақсылықтың жамандықты жеңетіндігі нацизмнің көзін құртудағы жалпыадамзаттық ұғымды танытады. Ондаған жылдар өткеніне қарамастан, Ұлы Жеңістің шуағы жаңа қырынан танылып, жаңа мәнге ие болып келеді. Қазақстандық және ресейлік ғалымдар арасындағы ғылыми диалогтің басты мақсаты – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мәнін санадай қайта жаңғыртуға, тарихи шындықты сақтауға және жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысы туралы ғылыми білімді жеткізуге арналды, онлайн-режимде өткізілген сұхбаттың мәні зор болды.


общ2s.jpg


Халықаралық дөңгелек үстелге қатысушыларға арнап, Қазақстандағы Ресей Федерациясының елшісі А.Н.Бородавкин сөз сөйледі. Қазақстандық және ресейлік ғалымдарды келе жатқан Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтап, «9 мамыр – біз үшін қуанышты және қиын күн, біздің Отанымызды жаудан азат еткен, нацистік рейхты құлатқан жауынгерлерге деген шексіз алғысымызды білдіретін күн және өз өмірлерін Жеңіс үшін миллиондаған адам өмірлерін еске тұтатын күн болып табылады. Бұл – қуаныштан көзңіе амалсыз жас алатын күн, біздің елдеріміз үшін және әрбір отбасы үшін басты мейрам болып табылады».


Халықаралық онлайн-сұхбаттың жұмысы ММУ Қазақстан филиалының директоры экономика ғылымдарының докторы, профессор А.В.Сидоровичтің кіріспе сөзімен басталды. Ол өз сөзінде «Жеңіс күні – ұрпақтарды біріктіретін мереке» деп атап өтті. Жеңіс үшін ең қымбат баға төленді – ол адам өмірі еді. Майданда да, тылда да адамдар ерекше ерліктер жасап жатты, әр адам өзінің ержүректігімен және қайсарлығымен соғыстың бітуін жақындатқан еді. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы – адамгершілік мерекесі, адамзаттық құндылықтардың паш етілген күні, парасаттың мерекесі, гуманизм идеясының фашизм идеологиясын жеңген мерекесі.


Халықаралық дөңгелек үстел жұмысында қазақстандық ғалымдармен бірге ресейлік ғалымдар да қатысып, баяндамалар оқыды. Өз сөздерінде баяндамашылар Ұлы Отан соғысы тарихының түрлі қырымен байланысты проблемалар туралы айтып өтті. Ол баяндамашылар:


ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ж. М. Абдильдин, тарих ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры С. И. Ковальская, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының профессоры, философия ғылымдарының докторы С. Ш. Аязбекова, Иркутск мемлекеттік университетінің Ресей тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы профессор Л. М. Дамешек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, «Қоғамдық келiсiм» профессоры М. О. Абсеметов, Қазақстан филиалының директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы профессор А. И. Оразбаева, Қазақстан филиалының әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Р. Ж. Абдильдина, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан филиалының профессоры Ж. А. Ермекбай, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан филиалының профессоры Ж. С. Мажитова, РҒА Сібір бөлімінің Тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, Новосибирск мемлекеттік университетінің доценті Н. Н. Аблажей, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер әскери-тарихи музейінің әскери кеңесшісі М. К. Кусаинов.

 

[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.