М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

Әлеуметтік ғылымдар пәндері кафедрасының меңгерушісі профессор Р.Ж.Абдильдина «Қазақстан – оның болашағын біз қандай келбетте көреміз?» тақырыбында пікірталас-дәріс өткізді


IMG_3013s.jpg2016 жылғы 13 желтоқсанда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арнап әлеуметтік ғылымдар пәндері кафедрасының меңгерушісі профессор Р.Ж.Абдильдина «Қазақстан – оның болашағын біз қандай келбетте көреміз?» тақырыбында пікірталас-дәріс өткізді.

Профессор өз баяндамасында осынау ұлы оқиғаның – Қазақстан Тәуелсіздігі мен егемендік алуының терең мәні мен маңызы туралы айтты. Өткен күндер біздің Отанымыз үшін ерекше болып саналады – ол егеменді елдің қалыптасуы, ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыруы, күрделі экономикалық міндеттерді шешуі, өзінің Конституциясын қабылдауы, өзінің даму бағытын анықтауы.

Дәрісте қазіргі қазақстандықтарға сабақ болатын, Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдер, күрделі және қайғылы оқиғаларды түсінумен байланысты сұрақтар қозғалды, өйткені ширек ғасыр мерей тойы – тек өз жетістіктерін ғана көрсететін салтанатты ғана емес, сонымен бірге еліміздің болашағы туралы ойланатын, осынау тарихи қозғалыс үдерісінде бастан өткерген және шешуге тура келген күрделі мәселелер мен қиындықтар туралы ойлануды да керек ететін мүмкіндік. Республикамыздың болашақ қадамдары туралы ойланып, оның болашағының моделін таңдау туралы ойланып, халық пен қоғам өміріндегі дәстүрлі және жаңашыл құндылықтардың орны мен маңызы туралы, адамның, жеке тұлғаның, оның мемлекетпен, социуммен өзара қарым-қатынасы ерекшеліктері сұрақтарды, қазақстандық халықтың рухани өзіндік санасы өалыптасуы үдерісіндегі адамгершілік құндылықтарды саналылықпен түсіну туралы сұрақтарды да талқыладық. Болашақта жас қазақстандықтар көргісі келетін қуатты, дамыған Қазақстан – басты құндылығы адам болып саналатын, елімізді сыйлау мен мойындаудың басты жолы ретінде білімнің, ғылыммен мәдениеттің дамуы алынатын қоғам.

Дәрісті студенттер үлкен зейін қойып, қызығушылықпен тыңдады. Қазақстандық қоғамның, оның болашағының, алдағы келешектің әрі қарай даму мәселелері, жаңа өмірлік бағдарлар туралы дәріс жастардың Тәуелсіз Қазақстаннның болашақ азаматтарының жүректерінде үн қатуы дәрістің көздеген мақсаты болатын.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.