М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
03.09.2021

Бірінші курстықтар күні - 2021



2021 жылғы 1 қыркүйекте М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Бірінші курстықтар күні болып өтті.


Қашықтан оқыған ұзақ айлардан соң өзінің 20-жылдық мерейтойы жылында Филиал көптен күткен студенттеріне есігін айқара ашты. Күздің алғашқы күні білім алушылар қауымдастығы жаңа лекпен толығып, оларды almamater өз қабырғасында жылы құшақпен қарсы алды. Бірінші курстықтар аудиторияларға кіріп, өздерінің бірнеше жыл отырып білім алатын орындарына жайғасты, бір-бірімен танысты, оқытушылармен танысты, толыққанды студенттік өмірдің алғашқы қадамын жасады. Салтанатты рәсім Нұр-Сұлтан мен Мәскеу қалаларында, аралас форматта – нақты кездесу мен қашықтан тілек білдіру жағдайында өткізілді.


Выступающие


ММУ Қазақстан филиалының директоры, еңбегі сіңген профессор А.В. Сидорович өзінің бірінші курстықтарға арнаған сөзінде атап өткеніндей, Мәскеу университеті – біздің ортақ үйіміз, білім алатын туған ұямыз. Онымен әрбір студент пен түлектің өмірінің маңызды кезеңі тығыз байланысты. 1755 жылы М.В. Ломоносов пен И.И. Шувалов негізін қалаған Мәскеу университеті өзінің дәстүрін нық сақтап, әрдайым сенімді түрде уақыт талабының үдесінен шығып келеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен РФ Президенті В.В. Путиннің қолдауымен құрылған ММУ Қазақстан филиалы, міне, 20 жыл бойы сол бағыттан таймай келеді. Елбасы әрдайым Филиалды қолдап келеді, ел басшылығы біздің биік мәртебемізді қолдап отыр, оған ММУ Қазақстан филиалының қызмет етуі туралы Үкіметаралық келісім жасалғаны куә, ол құжат бізге дамудың кең арналы мүмкіндіктерін ашып, ерекше жағдайымызды танытып отыр. «Сіздерге бақытты билет келіп түсті – әлемнің үздік жоғары оқу орындарының бірінде іргелі білім алып, сұраныс биік, жоғары білікті маманға айналып, Мәскеу универистетіне ғана тән демократизм мен ғылымның ерекше рухымен нәр алып қалыптасасыздар!», – деді директор.


Первокурсники


Бірінші курстықтар осынау мерекелі күні оқытушылардың да көптеген жақсы да игілікті тілектерін қабылдап, көңілдерін қуантты. М.В. Ломоносов атындағы ММУ ректоры, академик В.А. Садовничий студенттердің жаңа оқуға түсіп жатқан легіне қошемет сөзін жолдады. Ол жаңа келген студенттердің жақсы білім алуы арқылы Мәскеу университетінің жақсы дәстүрін лайықты түрде жалғастыратынына сенім білдірді. ММУ Қазақстан филиалының математика және информатика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қ.А. Бекмағамбетов бірінші курстықтарды университетке оқуға түсуімен құттықтады. Ол өзі меңгеріп отырған кафедра туралы және математикалық білімнің өзіндік ерекшеліктері туралы айтып берді. Бірінші курстықтарға зор денсаулық және білім алу жолында таудай талап тіледі. Өзінің құттықтау сөзімен әріптесінің сөзін филология кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Г.И. Власова жалғастырды. Ол осынау білім күні мерекесінің студенттер мен оқытушылардың ортақ ерекше мейрамы екенін атап өтті, алдағы уақытта бірлесіп ғылым әлемінде қызықты та маңызды жаңалықтар ашатынына деген сенімін білдірді. ММУ география факультетінің деканының орынбасары, ММУ Қазақстан филиалының экология және табиғатты пайдалану кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының докторы, профессор В.Р. Битюкова бірінші курстықтарды құттықтап, студенттердің әрбір студенттің өз қалауымен іздегенін табатынын айтып, қолынан келсе әлемде жақсылыққа ғана жол бастайтынына сенімін білдірді. Ал ММУ Қазақстан филиалының директоры орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, ММУ шет елдер экономикасы және сыртқыэкономикалық байланыстар кафедрасының доценті В.А. Зубенко өз сөзінде бүгінгі бірінші курстықтар келешекте Қазақстан мен Ресейдің арасындағы алтын көпірге айналатыны, табысты адамдар болатыны, сөйтіп достықты нығайтуға және біздің елдердің арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бас болатыны туралы атап өтті. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының атынан кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Р.Ж. Абдильдина өзінің құттықтау сөзінде: «Сіздер бақытты жастарсыздар, өйткені үлкен білім жолын Филиалымыздың мерейлі жылында бастап тұрсыздар! Сіздердің әрдайым жолдарыңыз ашық болсын, табысқа кенеле беріңіздер», – деген жүрекжарды тілегін білдірді.


А. Сулейменов, К. Рягузова


Бірінші курстықтар күні 1 қыркүйекте бір мезетте Мәскеудегі ММУ қабырғасында да, барлық филиалдарда да болып жатты. Осылайша, қазақстандық студенттер үлкен салтанатты іс-шараға қатысып отырды деуге болады. Мәскеу университетінің бас ғимаратындағы болып жатқан игі істерді қашықтан барлық студенттер бақылап, қатысып отырды. Сонымен бірге Филиал студенттері кеңесі өкілдері Әмір Сүлейменов пен Кристина Рягузова жазған бейнеқұттықтау Мәскеуде көрсетілді. ММУ Қазақстан филиалының атынан болашақ түлектер бірінші курстықтарға білім алуда жігерлілік пен табандылық, ізденіс пен ғылыми мәселенің шешімін шынайы жол арқылы таба білу, жақсы іске бастамашы болуда батырлық пен қиын жағдайда қорықпай өзіне жауапкершілік арқалай алатын өжеттік сезімін тіледі. «ММУ-де білім алу – үлкен жауапкершілік және зор мүмкіндіктер. Мәскеу университеті ғылыми идеялар авангардында келе жатыр. 20 жыл ішінде ММУ Қазақстан филиалы еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналды. Біз қаншалықты өзіміздің білім алуымызға байыпты қарайтын болсақ, біздің болашағымыз да сол білімімізге тәуелді болмақ », -деп атап өтті Әмір мен Кристина.


Лекция В.А. Садовничего


Құттықтаулар аяқталған соң, бірінші курстықтар ММУ студенті антын қабылдады. Сонан соң кафедралар оқытушыларымен танысу жүргізілді. Осы білім күні Мәскеудегі де, онлайн тыңдаушылар үшін де ең алғашқы дәрісті академик В.А. Садовничий оқыды: ол өз дәрісінде Мәскеу университетінің құрылу, қалыптасуы жолдары туралы, тамаша түлектері туралы айтты, ММУ қол жеткен табыстары мен алдағы уақыттағы күтетін жеңістері мен табыстары туралы айтып берді.


Первокурсники


1 қыркүйекте ММУ Қазақстан филиалы тек қана бакалаврларды ғана емес, бірінші курстық-магистранттарды да қарсы алған болатын. Жаңадан оқуға түскен үлкен буынды Филиалдың директоры, «Экономика» бағыты бойынша магистрлік бағдарламалардың жетекшісі А.В. Сидорович, Филиалдың филология кафедрасының меңгерушісі, «Филология» бағыты бойынша магистрлік бағдарламалардың жетекшісі Г.И.Власова, ММУ Қазақстан филиалы директорының бірінші орынбасары «Математикалық модельдеу» бағыты бойынша магистрлік бағдарламалардың жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор С.В. Богомолов және Филиалдың студенттік кеңес өкілдері қошеметпен қарсы алды. Осылай, Бірінші курстықтар күнінің салтанатты бөлімі аяқталды.


Алдағы уақытта бірінші курстықтарды сабақтар мен жарқын әсерлерге толы семестр, студенттер қатарына қабылдау рәсімі, студенттік билет тапсыру және көптеген ресми және бейресми іс-шаралар күтіп тұр. Филиалға қош келдіңіздер!



Мәтін: А.В. Семенова


Фото: К.С. Байрактар


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.