М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
07.12.2020

«Қазақстан Республикасындағы табиғи территориялардың ерекше қорғаудағы желілерінің қалыптасуы мен дамуы» атты Дөңгелек үстел



Круглый стол


2020 жылғы 27 қарашада М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының экология және табиғатты пайдалану кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы табиғи территориялардың ерекше қорғаудағы желілерінің қалыптасуы мен дамуы: мәселелер мен перспективалар» атты Халықаралық дөңгелек үстел болып өтті.


Дөңгелек үстелді М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор А. В. Сидорович ашты. .


Участники Круглого стола


Онлайн-кездесуге халықаралық және ұлттық сарапшылар, Қазақстанның табиғатты қорғау ұйымдарының басшылары мен ғылыми қызметкерлері қатысты. Олардың қатарында география ғылымдарының докторы, профессор, ММУ география факультетінің Қазақстан филиалы бойынша орынбасары, экология және табиғатты пайдалану кафедрасының меңгерушісі В. Р. Битюкова; география ғылымдарының кандидаты, ММУ биогеография кафедрасының доценті Е. Г. Королева, география ғылымдарының докторы, «Астана» Халықаралық ғылыми кешенінің География және табиғатты пайдалану институтының директоры КазНАЕН академигі Ф. Ж. Акиянов, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, биотүрлілік саласындағы ПРООН жобалар портфелінің менеджері Т. С. Кертешев, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, «Бурабай» ГННП ғылыми бөлімнің жетекшісі Е. В. Архипов, «Биотүрлілікті сақтау қазақстандық ассоциациясы» РОО ғылыми қызметкері Р. С. Уразалиев, ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары, Филиал студенттері мен түлектері қатысты.


Модератор және баяндамашы ретінде география ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов атындағы ММУ география факультетінің физикалық география және ландшафттану кафедрасының доценті Н. Н. Калуцкова сөз сөйледі.


3s.png


Аталған дөңгелек үстелдің өзектілігі эндемиялық, сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан флора мен фаунаны сақтау қажеттілігімен байланысты болды. Сонымен бірге аса ерекше ландшафтілердің, табиғи экожүйелердің, қол тимеген биогеоценоздердің сақталуы туралы мәселелер мен экотуризмді дамыту және халық арасында экологиялық білімді тарату мәселесі де сөз етілді.


Дөңгелек үстел жұмысында Ресей мен Қазақстанның ерекше қорғауға алынған табиғи аймақтары туралы таныстырылымдар көрсетілді. Оларда «Бурабай» ұлттық паркінің ғылыми қызметі, ГИС-технологиясы арқылы Қорғалжын қорығындағы сулы-батпақты алқаптың динамикасына талдау жасалуы көрсетілді. Іс-шараға қатысушылар Қорғалжын қорығында биосфералық резерват ретінде туристік қызметті дамыту мәселелесі жөнінде сөз қозғады. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық паркіндегі өрт қауіпті аймақтарын ГИС-технологиясы мен қашықтан анықтау туралы, Катон-Қарағай ұлттық паркінің функционалды аймақтарға бөлу туралы т.б. мәселелерді талқылады.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.