М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жалпы ақпарат
БОГОМОЛОВ СЕРГЕЙ ВЛАДИМИРОВИЧ – первый заместитель директора

БОГОМОЛОВ СЕРГЕЙ ВЛАДИМИРОВИЧ – директордың бірінші орынбасары


ММУ есептеу математикасы және кибернетика факультеті есептеу әдістері кафедрасының профессоры, ММУ Қазақстан филиалы директорының бірінші орынбасары


Мәскеу қаласындағы № 56 орта мектепті бітірген (1971). Сол жылы ММУ физика факультетіне түсіп, оны 1977 жылы үздік тәмамдады. ММУ есептеу математикасы және кибернетика факультеті нің аспирантурасын аяқтаған (1977–1980).


Физика-математика ғылымдарының кандидаты (1981), диссертация тақырыбы: «Метод суммарной аппроксимации для системы уравнений Власова» (ғылыми жетекшісі А.А. Арсеньев). 
Ғылыми атағы — доцент (1994).


1980 жылдан ММУ есептеу математикасы және кибернетика факультетінде қызмет етеді: есептеу әдістері кафедрасының ассистенті (1980–1992), доценті (с 1992) , 2001 жылдың наурыз айынан ММУ Қазақстан филиалы директорының бірінші орынбасары қызметін қосымша атқарады.


1989 жылдан. —РҒА «Математическое моделирование», журналы редакциялық алқасының жауапты хатшысы, СССР Білім мемлекеттік комитетінің математика бойынша ғылыми-әдістемелік кеңесінің мүшесі, «Радио и связь» баспасының «Теоретические и прикладные проблемы информатики» редакциялық кеңесінің ғылыми хатшысы, Бүкілодақтық «Білім» қоғамы басқармасының жанындағы физика-математикалық білімдерді насихаттау бөлімі бюросының мүшесі қызметтерін атқарған. 1983–1989 жылдары ММУ Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары болды, 90-жылдардың басында «Өнеркәсіптегі математика» Еуропалық консорциумының жұмысына қатысты.


Ғылыми зерттеу салалары: математикалық модельдеу, бөлшектер әдістері. С.В.Богомоловтың зерттеулерінің негізгі нәтижелері кинетикалық теңдеулер мен газ динамикасының теңдеулері саласына жатады: атап айтқанда, қосынды аппроксимация әдісінің Власов пен Больцман теңдеулеріне келуі, стохастикалық дифференциалдық теңдеулердің сандық шешімін, бөлшектер әдісінің Власов теңдеуі үшін флуктуацияларын, газ динамикасының иерархиялық стохастикалық моделдерін зерттеу. Бұлар бөлшектердің стохастикалық та, детерминденген де әдістеріне сүйеніп бойлай есептеу алгоритмін құруға негіз болады. Мұнда газдың макроскопиялық динамикасы, таяз су, сығылмайтын сұйықтық теориясы есептерін модельдеу үшін, геофизиканың кейбір есептерін модельдеу үшін қолданылатын, үзілісті желісіз ағындарды есептеп шығаруға арналған бөлшектер әдісі қосы қамтылады.


50-ге тарта ғылыми жұмыс авторы, халықаралық конференцияларға қатысқан, ағылшын, француз және неміс тілдерін біледі.


Негізгі қызметтік міндеттері: ММУ филиалы жұмыстарын үйлестіру, мектеп оқушыларының олимпиадасының жұмыстары, қабылдау науқанын жүргізу.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.