М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жалпы ақпарат

Математика және информатика кафедрасы

mmlogo.png vmklogo.png

 


Математика және информатики кафедрасы Филиалдың барлық мамандықтарында математикалық және компьютерлік пәндерді оқыту мақсатымен 2007 жылы ашылды.

 

Кафедра бакалавриаттағы «Математика» және «Қолданбалы математика және информатика» бағыттары бойынша және магистратурадағы «Қолданбалы математика және информатика» бағыты бойынша оқу және тәрбие процесіне жетекшілік етеді. М.В. Ломоносов атындағы ММУ механика-математика факультетімен және есептеу математикасы және кибернетика факультетімен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді.



Кафедраның меңгерушісі – физика-математика ғылымдарының докторы Қуаныш Абдрахманұлы Бекмаганбетов.

 

Оқу процесін Мәскеу мемлекеттік университетінің және Қазақстан филиалының профессорлық-оқытушылық құрамы қамтамасыз етеді. Студенттерді дайындау ММУ факультетінде келісілген оқу жоспарларына сәйкес, механика-математика факультетінің түлек шығаратын кафедраларымен бірге (деканы – РҒА академигі, профессор Андрей Игоревич Шафаревич, http://mech.math.msu.su/) және есептеу математика мен кибернетика факультетінің кафедараларымен бірге жүргізіледі (декан м.а. – РҒА академигі Игорь Анатольевич Соколов, http://mech.math.msu.su/).

 

ММУ Қазақстан филиалының математика және инфоорматика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамында 9 штаттық оқытушы, 3 жарты штаттағы оқытушы (оқытушының 0,5 ставкасы) бар.

 

Оқытушылардың толық тізімі >>>

 


Бакалавриаттағы «Математика» және «Қолданбалы математика және информатика» бағыттарында оқитын студенттер 1-2 курста Филиал базасында білім алады, соңынан 3 курсты және 7 семестрді Мәскеуде жалғастырады. 4 курстың соңғы семестрінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Филиалға келіп оқиды, осында мемлекеттік емтиханды тапсырады, бітіру біліктілік жұмыстарын қорғайды.


Магистранты направления «Прикладная математика и информатика» первые три семестра обучаются в Нур-Султане, в 4 семестре завершают обучение, сдают государственный экзамен и защищают магистерские диссертационные работы в Москве.


«Қолданбалы математика және информатика» бағыттарында оқитын магистранттар алғашқы үш семестрді Нұр-Сұлтан қаласындағы Филиалда оқиды, соңынан Мәскеуде төртінші семестрді оқиды, мемлекеттік емтиханын тапсырады, магистрлік диссертацияларын қорғайды.

 

 

Математика және информатики кафедрасы Филиалдағы басқа бағыттар бойынша дайындықтарда түрлі математикалық және компьютерлік пәндер бойынша оқу үдерісін қамтамасыз етеді.

 

 


sem.jpg


Кафедрада апта сайын өткізілетін «Математиканың заманауи мәселелері» атты ғылыми семинар жұмыс жасайды. Семинардың жұмысына кафедра қызметкерлері, Мәскеу университетінің оқытушылары, Филиалдың студенттері мен магистранттары, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ң магистранттары мен докторанттары қатысады.


IMG_2490s.jpg



Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше назар аударылады: кафедра оқытушылары жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Ломоносов» ғылыми конференциясын ұйымдастыруға және өткізуге қатысады, математика және бағдарламалау бойынша олимпиадалар ұйымдастырады, студенттерді түрлі деңгейдегі конференциялар мен олимпиадаға дайындайды. Осы бағыттағы қызметінің нәтижесін Филиал студентерінің жыл сайын Халықаралық «Ломоносов» конференциясында және республикалық олимпиадаларда жеңімпаз атануынан көруге болады. Филиал студенттерінің математика мен бағдарламалау бойынша республикалық және халықаралық олимпиадаларда қол жеткізген табыстары туралы мына сілтемеден кеңірек мағлұмат алуға болады: https://www.msu.kz/science/olimpiady/detail.php?ELEMENT_ID=4854.


1. Олимпиада филиала МГУ-3s.jpg


Кафедраның тәрбие жұмыстары студенттің жеке тұлғасын рухани-адамгершілік бағытта қалыптастыруға бағытталады және қоғамдық және тәрбииелік іс-шаралар түрінде жүзеге асырылады.


Филиалдың «Математика» және «Қолданбалы математика және информатика» бағыттарын бітірген түлектері өмірдің барлық дерлік практикалық және ғылыми салаларында сұранысқа ие болып келеді. Түлектердің бір бөлігі Қазақстанның, Ресейдің және алыс шетелдің ЖОО магистратурасында, аспирантурасында, PhD докторантурасында білімін жалғастыруда.


IMG_7634s.jpg


[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.