М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Хабарландыру
12.03.2019

«Идеядан – нақтылыққа: Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық бастамасының 25-жылдығына». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция



АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
«ИДЕЯДАН – НАҚТЫЛЫҚҚА: НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАСТАМАСЫНЫҢ 25-ЖЫЛДЫҒЫНА»


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры М.В. Ломоносоватындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінің, Ресей ФедерациясыПрезидентінің әкімшілігінің,Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен2019 жылдың 11 сәуірінде Назарбаев орталығында(Астана қ, Қазақстан Республикасы) «Идеядан–нақтылыққа: Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық бастамасының 25-жылдығына»атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.


КонференцияҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 25 жыл бұрын М.Ломоносов атындағы ММУ еуразиялық ынтымақтастық пен Еуразиялық одақ құру идеяларының стратегиялық көрегенділігі мен нақты тәжірибеде іске асырылу бағыттарын пайымдау мақсатын көздейді.


Қатысушылардың құрамы: ЕАЭО мемлекет және қоғам қайраткерлері, Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері, Қазақстан Республикасындағы ЕАЭО мүше-елдердің елшілері, ҚР Парламентінің депутаттары, М.В. Ломоносов атындағы ММУ басшылары, Университеттердің еуразиялық ассоциациясына мүше университеттердің ректорлары, қазақстандық, ресейлік және шетелдік жетекші ғалымдар.


Конференцияда еуразиялық мемлекеттердің өзара ықпалдастығының тиімділігін көтеру мен келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдету жолдары талқыланып, қарастырылмақ:

1. Еуразиялықты заманауи тұрғыдан түсіну үшін еуразиялық мемлекеттердің байланыстары мен қарым-қатынастарын дамыту әрі тереңдету жөнінде Н. Назарбаев жария еткен идеяларды ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан пайымдау;


2. ХХІ ғасырдағы еуразиялықтың саяси-экономикалық негіздеріжәне жаңа әлемнің сн-қатерлері; әлемдегі геосаяси өзгерістер мен осы өзгерістер контекстіндегі еуразиялық интергациялардың тағдыры;


3. Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі тәжірибесін талдау, ЕАЭО одақтың дамуы мен қарама-қайшылықтарын жеңу факторлары; өңірлік интеграциялық бірлестіктеріне ұлттық мемлекеттердің қатысу тиімділігінбағалау принциптері;


4. ЕАЭО халықаралық мәртебесі мен еуразиялық аймақ елдерінің әлем қауымдастығындағы рөлін арттыру факторлары;


5. Басқа өңірлік жобалармен өзара ықпалдастық контекстіндегі еуразиялық интерграцияның болашағы;


6. Еуразиялық мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың бастаулары, құндылықтары мен жетістіктері.


Конференцияның жұмысына қатысу үшін 2019 жылдың 29 наурызынадейін өтінім мен баяндама мәтіндерін келесі электрондық мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз:forum_bpp@mail.ru


Мәтінге қойылатын талаптарды қадағалауды өтінеміз.


  • Көлемі 7 беттен көп емес.


  • Қарпі: тип – Times New Roman, кегль – 14, бір жоларалық жиілік; азат жол – 1,25 см, азат жолдан шегініс автоматты түрде жасалады.


  • Шегініс жиектері: жоғарғысы мен төменгісі – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 15 мм.


  • Баяндаманың атауы – үлкен әріптермен жартылай қара қаріппен, ортадан түзету.


  • Бір жолдан кейін төменірек, оң жағына: автордың Т.А: Ә. – курсивпен, жартылай қара қаріппен (әр автор үшін – алдымен тегі, бос аралық, одан кейін арасында бос аралық қалдырып, қысқаша аты мен әкесінің аты). Келесі жолда оң шетіне симметриялы – қазіргі мәртебесі (лауазымы), ұйымның атауы, ғылыми дәрежесі курсивпен беріледі; келесі жолда симметриялы – елі, қаласы мен электрондық мекен-жайы көрсетіледі.


  • Мәтіндегі сілтемелер квадрат жақшаның ішіне, тізімдегі дереккөздің реттік санын және үтір арқылы беттің (беттерінің) нөмірін көрсете отырып беріледі, мысалы: [4, с. 89].


  • Пайдаланылған әдебиеттің тізімі мәтіннің соңына қойылып, бос жолмен бөлінеді. Тізімдегі дереккөздер олардың мәтінде қолданылуына қарай көрсетіледі.


  • Кестелер, фотосуреттер, суреттер, сканерленген бейнелерді және т.с.с. – (қосымша) JPG форматындағы жеке файлдармен, диаграммалар, графикалар – Excel бағдарламасында көрсетілуі тиіс. Файлдардың атаулары баяндама мәтініндегі суреттердің, кестелердің, диаграммалардың атауларымен сәйкес болуы тиіс. Суреттердің атаулары мен нөмірлері суреттің астында, кестелердің атауы мен нөмірлері – кестелердің үстінде (теңестіру – ортадан) көрсетіледі. Кестелер, схемалар, суреттер, графикалар аталған азат жолдан асып кетпеуі керек (кестелер мен суреттердегі қаріп – 12 пт кіші болмауы тиіс).

  • Тырнақшалар «» белгісімен; ғасырлар рим сандарымен, жылдар араб сандарымен белгіленеді.


  • Қысқартулардың тізімі баяндама мәтінінің соңында аббревиатураларды алфавиттік тәртіппен кеңінен бере отырып орналастырылады.


  • Әдебиет соңғы сілтемелер түрінде, арасында жол қалдырылған азат жолдарға тыйым салынады.


  • Қолдан жол ауыстыруға болмайды (manual hyphenation).



Конференцияның ұйымдастыру комитетіконференцияның тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сай емес материалдарды қайтару құқығын өзінде қалдырады.


Конференция материалдарының жинағын шығару жоспарланған.


Конференцияға сырттай қатысатын авторлар үшін жинақты тарату PDF-форматында жүзеге асырылатын болады.


Конференцияны ұйымдастырушылар:


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы

Жауапты:

Бердағұлова Сағынтай Кеңесқызы 8(7172)693049; 8 701 382 55 78;


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалы

Жауапты:

Аязбекова Сабина Шариповна 8 701 910 88 62.


«Идеядан – нақтылыққа: Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық бастамасының 25-жылдығына» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға

ӨТІНІМ

Тегі


Аты


Әкесінің аты


Елі, қаласы


Жұмыс орны, лауазымы


Ғылыми дәрежесі, атағы


Ұялы немесе тұрақты телефонының нөмірі (қаланың кодымен бірге)


E-mail


Баяндама атауы


Конференция бағытының атауы


Техникалық құралдың қажеттігі (мультимедийный проектор және т.т.)


Конференция жұмысына тікелей қатысу мүмкіндігі

 



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.