М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
10.11.2017

Қоғамдық сананың жаңаруы: «Алаш» идеясы мен Тәуелсіздік сабақтастығы


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары – ҚР ҰҒА академигі Ж.М. Абдильдин, академик НАН РК Р.Ж. Абдильдина, JASHE (Ұлыбритания) мүше-корреспонденті С.Ш. Аязбекова Алаш-Орданың 100-жылдығына арналған «Қоғамдық сананың жаңаруы: «Алаш» идеясы мен Тәуелсіздік сабақтастығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференцияның жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, көрнекті қоғам қайраткерлері, ғалымдар, еліміздің түрлі аймақтарынан және басқа мемлекеттерден келген ғылыми және шығармашылық зияткерлер өкілдері қатысты.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың конференцияға қатысушыларға арналған сөзін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Абдыхалыкова оқып берді. Онда Мемлекет Басшысы ХХ ғасырдың бас кезіндегі «Алаш» қозғалысының қазақ халқының саяси, әлеуметтік құқықтарын сақтау үшін, ұлттық бірегейлігін сақтау үшін жүргізген күресін халыққа қызмет етудің жарқын көрінісі деп бағалады.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.