М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
02.09.2017

Біздің студенттеріміз – математика бойынша Халықаралық студенттік олимпиаданың жеңімпаздары


Постерs.jpgБолгарияда өткен математика бойынша Халықаралық студенттік олимпиадада ММУ Қазақстан филиалының «Математика» мамандығының  1 курс студенті Бекмаганбетов Бекарыс пен «Қолданбалы математика және информатика» мамандығының 3 курс студенті Журавская Александра 3 дәрежелі Дипломмен және қола медальдармен марапатталды.

Аталмыш Олимпиада Еуропа бойынша математикадан ең айтулы олимпиада болып табылады. Олимпиадада әлемнің тұс-тұсынан келген 70 жоғары оқу орнына келген студенттер қатысады, оның ішінде Ресейдің де ең мықты ЖОО-лары (ММУ, СПбГУ, МФТИ, ИТМО, ВШЭ, НГУ), ТМД (Ереван МУ, Белорусь МУ, Өзбекстан Ұлттық университеті), Еуропа (Париждегі Политехникалық мектеп, Варшава, Вена, Утрехта, Уорика, Барселона, Мюнхен и Кембридж университеттері) және алыс шетелден (Индонезия, Мексика, Бразилия).

Соңғы бірнеше жыл бойы олимпиада Болгариядағы Америка университетінің базасында өткізіліп келеді. Оған қолдау көрсететіндер - Springer, Princeton University Press баспалары және математикалық бағдарламалық өнімдер шығаратын Wolfram Maple жетекші компаниялары.

[нақтырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.